Елiмiзде сақал қойып, қысқа балақты шалбар киюге тыйым салынбауы мүмкiн
2017 ж. 29 тамыз
4027
7
ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Комитет төрағасының мiндетiн атқарушы Еркiн Оңғарбаев Үкiмет үйiндегi баспасөз мәслихатынан кейiн сұқбат бердi. Baq.kz тiлшiсiнiң мәлiметiнше, ол жаңа заң жобасында сақал қойып, қысқа балақты шалбар киюге тыйым салу мәселесi қаралып жатқан жоқ дедi.
«Алдағы уақытта адамның бетiн жауып, оны тануға кедергi жасайтын киiм киюге тыйым салатын норма қабылданады. Бұған паранжа мен беттi жауып тұратын басқа киiмдер жатады. Бұл салада тәжiрибе мол. Көптеген Еуропа елдерiнде, мысалы, Франция, Нидерланды, Бельгия мен Болгарияда бұндай норма бар. Сәйкесiнше, сондай сот тәжiрибесi де бар. Сондай-ақ, осы ел азаматтары бұл норма адамның конституциялық құқықтарын бұзады деп, шағымданған болатын. Ал Еуропаның адам құқықтары жөнiндегi соты аталған норманы енгiзген елдердi қолдады. Яғни, бұндай тәжiрибе әлемнiң көптеген елiнде бар», - дедi Оңғарбаев.
Еркiн Оңғарбаев диструктивi идеологиялық ағымдардың атрибуты бар киiмдердi киюге болмайды дейдi. Мысалы, свастика, антисемитизм мен расалық дүниелердi насихаттайтын киiмдi қоғамдық жерлерде киюге тыйым салынады. Егер осындай белгiлер байқалса, оларға қатысты шаралар қолданылмақ.«Қазiргi таңда сақал қою мен қысқа балақ кию мәселесi қаралып жатқан жоқ. Тәжiкстанда сондай нормалар қабылданған. Бұндай тыйым Шыңжаң ұйғыр округiнде де салынған. Ал бiз қазiргi уақытта бұндай нормаларды қабылдағалы жатқан жоқпыз. Бiрақ, көремiз. Заңды жүзеге асыру үшiн заңға қосымша нормативтiк актiлер қабылдау қажет болады. Соларды әзiрлеу барысында мемлекеттiк органдар қандай да бiр қадамдар жасауы мүмкiн», - дедi Оңғарбаев.Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қара жамылудың қазаққа жат екенін айтып: «мен жастарға керiтартпалық жасамаңдар деп ескертемiн. Қара жамылмаңдар, бұл қазақтарға, жалпы баршамызға мүлдем тән емес. Бiзге басқа, бөтен атрибуттар әкелiнiп жатса, алға қалай жылжуға болады? Сондықтан, бiртектiлiк болу керек. Ол дегенiмiз бiз барлығымыз бiр мақсатты ұстанып, сол мақсатқа бiрге жетуiмiз қажет», - деген болатын.