Прокуратура ғимаратының алдында өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды. Сот барысында прокурор Жампозовты қаза болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Прокурор Жампозовты қаза болуына байланысты жауапкершіліктен босатуды сұрады
2017 ж. 21 тамыз
2086
1
«Жампозовты ҚР ҚК «Өзгенің мүлкін иелену және талан-таражға салу» 176-бабының 4-бөлімі «б» тармақшасында қарастырылған қылмысты жасады деп танып, қаза болуына байланысты жазадан босатуыңызды сұраймын», - деді ол.
АШМ өкілі прокурордың сөзімен толық келісетінін айтты.
Жампозовтың ісі бойынша Ауыл шаруашылығының жаңа өкілі Сәбит Қабиевтен жауап алынды. Алайда сотқа Қабиев дайындықсыз келіп, қорғаушылар мен сотталушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауап бере алмады. Ол 39 томдық іспен танысып шығуға үш күн аздық еткенін алға тартты.
Бұл іс бойынша процес 2016 жылдың желтоқсанында Целиноград аудандық сотында басталған. 600 млн теңгені жымқырды деп айыпталған «ҚазСуШар» РМК-ның бұрынғы басшысы Өмірбек Жампозовқа 20 шілде күні үкім шығарылуы тиіс еді.
Сотқа бірнеше сағат қалғанда сотталушы Ақмола облысына қарасты Ақмол ауылындағы прокуратура ғимаратының жанында прокурор мен полицейді мылтықпен жаралап, кейін өзі көлігінің ішінде атылып өлді.