Министр: Хиджаб тазалыққа қайшы келеді
2017 ж. 29 шілде
3889
10
Тәжікстанның мәдениет министрі Шамсуддин Омурбекзоданың айтуынша, хиджаб жергілікті климатпен үйлеспейді, аптап ыстықта хиджаб тазалық талаптарын бұзады.
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Тәжікстанда шариғат талаптарына сай бүркенетін, яғни, әурет жерін қымтап ұстайтын әйелдерді бұл діни тыйымнан қайтару үшін арнайы жұмысшы тобы құрылғаны хабарланған болатын.
Әйелдерге хиджаб кимеуді насихаттайтын комиссияны аталған елдің мәдениет министрі Шамсуддин Омурбекзода басқарады. Ол өзінің міндетін түсіндіре келе, хиджаб туралы пікір білдіріп, айды аспанға бір-ақ шығарды.
Оның айтуынша, хиджаб жергілікті климатпен үйлеспейді. Яғни, Тәжікстандағы аптап ыстықта хиджаб тазалық талаптарын бұзады екен.
Бұған қоса, оның сөзіне қарағанда, хиджаб киген әйел көпшілік орында, яғни, қоғамдық орындарда адамдарға үрей салатын көрінеді. Көйлегінің астына адам өмірі мен денсаулығына қауіпті қару жасырып алуы мүмкін екенін алға тартты.