Жампозов ісі: «ӘДІЛДІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ" журналистік зерттеулер байқауы жарияланды
2017 ж. 24 шілде
3315
4
ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
«ӘДІЛДІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ" журналистік зерттеулер байқауы жарияланды
Қай заманда да елдің арманы әділетті қоғам орнату болғаны белгілі. Бірақ шындыққа жету жолы ешқашан да оңай болмағаны белгілі. "Шындық босағадан аттағанша өтірік төрге шығады" деген қанатты сөз қазіргі болып жатқан түрлі заңсыздықтарға да қатысты екені анық. Соның бірі - кеше ғана құқық қорғау орындарының қысымына шыдамай, өзін-өзі мерт еткен Өмірбек Жампозовтың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс туғызды. Белгілі сайттар мен әлеуметтік желілерде құқық қорғау орындарын жайлап алған әділетсіздіктерді айыптаған мақалалар мен жазбалар көптеп жариялануда. Бұдан қоғамның болып жатқан түрлі заңсыздықтар мен әділетсіздіктерге төзбей, айқын үн қата бастағанын байқаймыз. Халықтың үні құқық қорғау орындарына да жетіп, ҚР Бас прокуратурасы Өмірбек Жампозовтың оқиғасына байланысты "Өзін өзі өлтіруге жеткізу" бойынша іс қозғауды Ішкі істер министрлігіне тапсырды. Төртінші билік иесі ретінде шындыққа көз жетізуге Бұқаралық ақпарат құралдары да өз үлесін қосып келе жатқаны белгілі. Сондықтан Республикалық "Қазақ үн" газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы да өз үнін қосу мақсатында Өмірбек Жампозовтың ісін негізге алып, "Әділдікке жету жолы" журналистік зерттеулер байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты: Әділдікке жету жолында мерт болған Өмірбек Жампозовтың ісін негізге алып, объективті жасалған түрлі журналистік зерттеулер арқылы әділдіктің қалпына келтірілуіне үлес қосу. Бірінші орын - 500 000 теңге. Екінші орын - 400 000 теңге. Үшінші орын - 300 000 теңге. Төртінші орын - 200 000 теңге. Ынталандыру сыйлықтары - 100 000 теңгеден үшеу. Байқауға республикадағы бұқаралық ақпарат құралдарында, газеттер мен сайттарда жарияланған қазақ және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Ескерту: объективті жазылған, заңға сай мақалалар ғана қабылданады. Мақалаларды журналистер мен қоғам қайраткерлері және заңгерлерден құралған Сараптамалық алқа қарап, шешімін шығарады. Мерзімі - 2017 жылдың 30 қазанына дейін. (Бұл мерзім өзгеруі де мүмкін екенін ескертеміз) Мақалаларды qazaquni@mail.ru поштасына жіберу керек. Сонымен бірге Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы, К.Сейітов көшесі 11, «Қазақ үні» газетінің редакциясына да жіберуге болады. Материалдар жарияланған газет-журналдың скан-көшірмесі мен word электронды нұсқасын жіберу керек. Сайт мақалаларының word электронды нұсқасын сілтемесімен және скриншотымен жіберуі керек. Телеарна материалдарының көшірмелерін ( cd/dvd таспаларында, flash) салуы тиіс. Сонымен бірге өмірбаяндық мәліметтер: аты-жөні, жұмыс орны, мекені, байланыс телефондары мен электронды поштасы болуы керек. Хабарласу үшін 8-727-3985731, 8-702-55-18-440, 8-702-931-8986Qazaquni.kz ұлттық порталы редакциясы