Наймандарды итке теңеген Жетінші арна Заң алдында жауап беру керек
2017 ж. 07 шілде
10337
79
Рулық алауыздықты тудырған Жетінші арна Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылу керек!!!
Наймандарды итке теңеген 7-арнадан "Айнаонлайн" деген бағдарламаны оқта-текте көретінім бар. Жақында мынандай сюжет берді: бір ит екінші иттің сүйегін алайын десе, анау бермейді. Сөйтсе, анандай жерден ойыншықты әкеп, тастап жібереді. Бірінші ит сүйегін тастай салып, сол ойыншыққа жүгірді. Ал екінші ит жүгіріп, сүйекті тістеп алып кетті.
Жүргізуші Жасын Қанбаев: "Иттің осындай "найманатерьер" деген тұқымы шығарылды!" дейді мәз болып. Жасынды жарайды, жас шығар, ақымақ шығар дейік. Ал тұтастай 7-арнаның басшылығы қайда қарап отыр? Бұл қазақты ру-руға бөліп, бірін итке, бірін шошқаға теңеуді кім шығарған? Телеарна басшылығын тұтастай сотқа беру керек шығар? Сіз не дейсіз?
Тоқтар Жақаш,
Фейсбук парақшасынан
Қылмыстық кодекстің 174-бабы.
Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, –екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).
qazaquni.kz