Наймандарды "Қазақтың Еврейлері" деп атаған тарихшының сөзі жанжалға ұласты
2017 ж. 16 маусым
26756
150
Тарихшы Рахымғазы Қабдыкәрім қалың Найманды "Қазақтың Еврейлері" деп атады! Сарапшының бұл пікірі қоғамда әжептәуір дүрбелең туғызып, қызу талқылануда.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы Караван басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оғыздар мемлекетінің билеушісі - Оғызханды Өкіреш Найман деп атаған тарихшы ел естімеген жаңалықтарды шығарды.
Рахымғазы Қабдыкәрім «найман» сөзінің шығуы туралы 14 түрлі жорамал келтіреді, оның көбі өзге деректерге сүйенген болжамдар.
- Наймандар мемлекетінің дәруірлеу кезеңдері мен күйреген тұстары көп болды. Найман халқы үнемі өз мемлекетін құру туралы армандады. Түркі қағанатына көрсеткен ғасырлар бойғы қарсылығы мен Шыңғысхан ордасымен 25 жылғы соғысы осының дәлелі. Шыңғысханнан жеңілсе де наймандар моңғолдар империясында өздерін тәуелсіз ұстады, - деп жазды тарихшы.
Тарихшылардың көрсетуінше, моңғолдар дәуіріне дейін наймандардың саны бір ғана Найман қағанатында бір миллионнан артық болған, дейді Рахымғазы Қабдыкәрім.
Өз сөзінде “Великие каганаты и империи найманов” кітабының авторы наймандарды «қазақтың еврейлері» деп атады. Мұны өзі былай түсіндірді:
- Мұндай анықтаманы мен интернетте кезіктірдім. Білесіз бе неліктен? Ұлы жүз бен Орта жүздің бір бөлігі ұзақ уақыт Қоқан хандығының езгісінде болды. Қазақтар Жетісуді қайтарғанға дейін бұл аймақ ұмыт қалған өлке болды. Ал наймандар шығыс пен солтүстік, Ұлытау мен Алтайға дейінгі жерді жайлады. Ұзақ уақыт орыстармен араласты, сауаттырақ, білімдірек, алыстан болжай білетін көреген болды, - деді Рахымғазы Қабдыкәрім.
Қазақтың жан саны ең көп руы қалың Найманды "Еврейлер" деп атаған сарапшының пікірі қоғамда қызу талқылануда. Әлеуметтік желіде пікір білдірушілердің көбі "руаралық жанжал тудырды" деп тарихшыны айыптауда.