Украинада Георгий лентасына тыйым салынды
2017 ж. 17 мамыр
1880
0
Украинаның Жоғарғы Радасы Георгий лентасы үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізетін заң қабылдады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске Георгий лентасын дайындау және насихаттау бойынша өзгеріс енгізу туралы №2987 өзгерістерді құптап 238 депутат дауыс берді. Осылайша Кодекске 173.3-бап (Георгий лентасын дайындау және насихаттау) енгізіліп отыр. Лентаны немесе оның суретін қоғамдық орында қолдану, демонстрациялау немесе тағуға 50-ден 150-ге дейін азаматтардың табысының салық салынбайтын минимумы көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Заңбұзушылық қайталанған жағдайда 150-300 аралығындағы минимум көлемінде айыппұл салынады. Айыппұлға балама жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін.
Заң 1991 жылға дейінгі құжаттарға, музей экспонаттарына, әскери белгілерге, ордендер мен медальдардың түпнұсқасына, жерлеу орындарындағы суреттерге қатысты болмайды.
Дереккөз: liga.net