Cолтүстіктің халқы енді автобусты емес, қайықты күтетін болған
2017 ж. 07 мамыр
1804
2
Белуардан су басқан үйлерінің шатырларында түнеп, көліктерін күнделікті тұраққа айналдырған солтүстіктің халқы енді автобусты емес, қайықты күтетін болған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Өйткені ернеуінен тасыған Есіл 12 шақырым жерге жайылғандықтан, қала тұрғындары көлге айналған жолдарда тек қайықпен қатынайды. Су көлігі жетпей жатқандықтан, 3-4 сағаттап кезек күткен көпшілік жаппай жұмыстарына кешігіп жатыр.
Елена Пильзак тасқын судың арғы бетінде қалған сауықтыру лагеріне жету үшін қайыққак езекті сағаттап күтіп жүргендердің бірі. Сөзінше, келесі жағаға жеткізіп тұруға тиіс құтқару қызметінің қайықтары жетпей. бірнеше адам жұмыстарынан қалған. Сондай-ақ, мамандар жанармайдың жоқтығын сылтауратқан, дейді көпшілік. Соның кесірінен ұзын-сонар кезек пайда болғанын айтады.
“Жұмысқа бара алмайтын болдым. Тек Прибрежный ауылында тұратын адамдар ғана өтіп жатыр. Бізге орын жоқ дейді. Қасымда бірге істейтін адамдар да күтіп тұр”, – дейді тұрғын Елена Пильзак.
Десе де, мамандар қажетті техника жеткілікті, жанармай қоры да бар дейді. Бірақ өңірдегі жағдай әлі де уышығып тұр. 224 үй бірнеше тәуліктен бері судың дәл ортасында тұр.
“Адамдар үйлеріне оралғысы келеді. Бұл бірінші мәселе. Ал саяжайлардағы судың кетуін содан кейін ғана күте аламыз”, – дейді СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев.
“Өзен суының деңгейі ертең тағы 10 сантиметрге көтеріліп, тереңдігі 12 метрден асады деген болжам бар дейді мамандар. Ал ернеуінен тасыған Есіл өзені он екі шақырымға дейін жайылып кеткен. Ал жан-жағынан бәрін шайып келе жатқан лай су бір айдан артық уақыт бойы кетпеуі мүмкін екен”, – дейді тілші Руслан Жасұланов.