ҰҚК өкілдері ОҚО мен Ақтөбе облысында жүргізілген арнайы операцияларға қатысты жаңа деректерді айтты
2017 ж. 05 мамыр
1503
0
ҰҚК өкілдері ОҚО мен Ақтөбе облысында жүргізілген арнайы операцияларға қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін 2017 жылғы 20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысында Ішкі істер органдарын тарта отырып арнайы операциялар жүргізгені хабарланған болатын. Бүгін ҚР ҰҚК өкілдері бейтараптандырылған радикал топтардың атауы жоқ екенін мәлімдеді. Олардың ішінде лидерлері де жоқ екен.
"10 адамды қамауға алу туралы сот санкциясы шықты, олардың үшеуі Шымкент тұрғыны, жетеуі Ақтөбе мен Ақтөбе облысындағы Қандыағаш ауылынан. Қандыағаштың тағы бір тұрғынына қатысты процесстік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесі шешіліп жатыр, қалған ұсталғандар қандай да бір қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған", - делінген ҚР ҰҚК-ның редакция сауалына берген ресми жауабында.
Осы топтардың мүшелері әлеуметтік желілерде, ұяты мессенджерлер арқылы және өзге адамдар арқылы Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымына қолдауға үндеген материалдар таратқан.