Үш бидің басына шыққан қытайлық азамат елдің ашуына тиді (ФОТО)
2017 ж. 28 сәуір
3510
7
Әлеуметтік желіде Әйетеке, Төле, Қазыбек бидің ескерткішіне шығып алып, билердің басына аяғын қойып, би билеген қытай азаматының фотосы жарияланды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Желі қолданушылары бассыздық танытып үш бидің басына шыққан Қытай азаматының аты-жөнін анықтап, оның заң алдында жауапқа тартылуын талап етуде.
"Мынау Қытай азаматы. Фейсбук аңдыған заң орындарының қызметкерлері! Намысы бар адам болсаңыздар мынаны іздеп тауып жазалаңыздар. Анау қолымен көрсетіп тұрғаны «мен жеңдім» деген сөз екен", деп жазады желі қолданушысы Қайсар Жанболат.