Мектеп автобусы балалармен бірге сотталған адамдарды тасымалдаған (ВИДЕО)
2017 ж. 21 сәуір
2547
1
Екібастұзда сотталған адамдар балалармен бірге мектеп автобусына отырып, жұмысқа барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шідерті ауылының әкімдігінің оқушыларға берген автобусы күнделікті бір ауылдан екіншісіне қатынап отырады.
Екібастұз прокурорының Instagram желісіндегі парақшасында мұғалімдердің кемтар балаларды көзге ілмеуі туралы пост жазылғаннан кейін осы жағдай туралы да белгілі болды.
Мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, сабақ беруі керек болатын. Алайда педагогтар балалардың алыс тұратындығын сылтауратып, бұл міндеттерінен жалтарған.
">