Мемлекет басшысы сақал қойып, бет тұмшалайтындарға заңмен тиым салуды тапсырды
2017 ж. 20 сәуір
3863
10
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Діни басқарма өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Елбасы басқосуға келген басқарма өкілдеріне діннің Қазақстан халқының өмірінде алатын орнының ерекше екенін атап өтті.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың діни сауатсыздығына аса назар аударды.
"Діни сауатсыздықтың салдарынан жастарымыз сақал қойып, балақтарын қысқартып тастаған. Сондай-ақ, өздерін қара киіммен тұмшалап алатын қазақстандық қыздар саны көбейіп барады. Бұл біздің салт-дәстүрімізге де, халқымызға да сай емес. Бұған заң жүзінде тыйым салу туралы сұрақты қарастыру керек. Қазақтар қара киімді қайғылы жағдай кезінде ғана киеді", - деді мемлекет басышсы кездесу барысында.