Шекарада тоналған жесір ананың ақшасы қайтарылатын болды
2017 ж. 11 сәуір
3827
10
Бұған дейін Қазақстанға көшіп келе жатып, «Майқапшағай» шекара бекетінен өтер кезде бар ақшасынан айырылған Мәуітхан Гүлжанның басындағы қиын жағдай туралы БАҚ-та жазылып, бұл оқиға қоғам ішінде өткір талқыға түскен еді. Бүгін Зайсан аудандық сотында «Майқапшағай» кедендік бекетінде 49 990 долларынан айырылып қалған қандасымыз, Гүлжан Мәуітханның ісі қайта қаралды деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
Сот шешіміне сай, Гүлжан Мәуітханның ақшасы қайтарылатын болды.
Айта кетейік, тарихи Отанына көшіп келе жатқанда бар жиғанынан айырылып қалған қандасымыздың қиын жағдайы туралы БАҚ пен қоса қоғам қайраткерлері, елге танымал заңгерлер үн қосып, өз алаңдаушылықтарын білдірген.