Астанада арнайы жасақ сарбазы жұмыс орнында асылып қалған (ФОТО)
2017 ж. 31 наурыз
5436
4
Астана қалалық Ішкі істер департаментіне қарасты арнайы жасақтың сарбазы жұмыс орнында асылып қалған деп жазады Tengrinews.kz. Кейінірек анықталғандай, көз жұмған жігіт 24 жастағы кіші Сержант Медет Темірбаев болып шықты.
Марқұмның анасының айтуынша, Медеттің денесі 8 наурыз күні Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына қарасты қызметтік ангардан табылған.
"Менің ұлым Медет Темірбаев 1992 жылы туған, ол арнайы жасақтың сапында қызмет етуді армандайтын. Бірнеше жыл дайындалды, құжаттарын жинады. Әскерде десанттық жасақта борышын өтеді. Былтыр арманына қол жеткізіп, осы қызметіне орналасқан, жүргізуші болып. Бірақ небәрі 7 ай 10 күн ғана жұмыс істеп үлгерді", - дейді жүрегі қан жылаған ана Нұрия Жанаева.
"7 наурыз күні ол таңертең жұмысқа кетті, өзімен бірге түскі тамағын алып кеткен, көңіл-күйі көтеріңкі еді. Сол күні маған екі рет телефонмен хабарласты. Кешкі сағат сегіздерде үйленгелі жатқан қызына хабарласып, сыртта жүргенін айтты. Ал, кешкі сағат тоғызда ол жұмыстан келмеген соң мен уайымдай бастадым, бірақ, қызмет бабымен жүрген шығар деп ойладық. Телефоны да өшірулі болды. Келесі күні әріптестері келіп, Медеттің асылып қалғанын айтты", - дейді ұлынан айрылған әйел.
Дегенмен, Нұрия Жанаева ұлының өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Өйткені, ол дінге жақын болған. Мешітке жиі барып, намазын оқып жүріпті. Осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған әкесіне құран бағыштауды да ұмытпайды екен.
"Мені бөлімге алып келген кезде баламның денесін мәйітханаға алып кетіпті. Ұлымды сол күйі көре алмадым, соңғы рет құшақтай алмадым. 10 наурыз күні оны жерледік", - деп көзіне жас алды Нұрия Жанаева.
Оның айтуынша, қайтыс боларынан алдын ұлының мойнынан ол буындырған іздердің бар екенін байқаған.
"Мойнында қызыл іздер бар еді, біреу қылқындырған секілді. Бірақ, ол спорт шебері болатын, үнемі жаттығу жасап жүрген. Мойнындағы қызыл іздерді сол жаттығудан алдым деп мені өзіне жолатқысы келген жоқ. Ал, жүретін қызына ол жұмыста төбелескенін мойындапты. Кейін білгеніміздей, төбелескен оңтүстіктің жігіттері одан ақша мен жақында ғана сатып алған су жаңа көлігін беруді талап етіпті", - дейді әйел.
Астана қалалық ІІД болса қайтыс болған қызметкерінің өлімінің мән-жайын тексеріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қолданылады дейді ведомство өкілдері.