Жазушы: Елімізде некесіз жыныстық қатынасқа түсетіндерді жазалау керек
2017 ж. 18 наурыз
8520
7
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Келіс Рахымжан елімізде некесіз төсек қатынасына түскен адамдарды жазалайтын заң қажет деген бастама көтерді.
Бұл туралы жазушы өзінің Facebook парақшасында жазған, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
[caption id="" align="alignright" width="244"] Келіс Рахымжан, жазушы.[/caption]- Елдегі жастардың арасында ерте ажырасып кету көбейген. Үйленбеген жастар арасында, уағында жұптарын таппаған себепті әйел мен ер қатынасында бетімен кетуді шектеу үшін неке туралы заңға өзгерістер керек. Некесіз қатынасқа түскені анықталған жағдайда еркекке де, әйелге де жаза кесу туралы бап қажет.
Мұны аталарымыз қолданған. Зина жасаған әйелге, ерге де арнайы жаза бар еді. Біреудің әйелін азғырып, онымен жеке қалған адамды куәлармен растап жаза кесу бұрынғы заңда да болған. Бұнда баптардың ақшасына сеніп тым еркінсігендерді орнына қоятынына, өз міндетіне салақ қарап жүргендерді тәртіпке келтіретініне дау жоқ. Заңға өзгеріс керек, - деп жазған.