Ақмола облысында 600 млн теңгеге Мемлекеттік жерлер заңсыз сатылған
2017 ж. 14 наурыз
2714
4
Ақмола облысында арнайы прокурорлар 370 жер телімінің мемлекет меншігінен заңсыз шығарылып, жалған құжаттар арқылы сатылғанын әшкере етті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар департаментінің басшысы Ұлықбек Патсаев мәлімдеді деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Жерді заңсыз сату ісіне ауыл әкімдері, жергілікті жер қатынастары бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, ХҚКО қызметтік тұлғалары, әділет, сәулет басқармалары өкілдерінің қатысы бар болып шықты. Мемлекетке 600 млн теңге көлемінде зиян келтірілгені анықталды.
Аталмыш іс бойынша сот процессі өте резонансты болады, деп атап өтті Патсаев.
Атап өту керек, кеше сондай-ақ, sayasat.org порталы Ақмола облысының әкімі ауысатыны туралы ақпарат таратқан болатын.