Елімізде келісім-шарт бойынша әскерге барғандар енді одан жаппай қашып жатыр
2017 ж. 13 наурыз
3100
4
Елімізде келісім-шарт бойынша әскерге барғандар енді одан жаппай қашып жатыр. Сондықтан бұл салада қазір мерзімді қызметке баратындардың саны өсуде. Жалпы, болашақта олардың әскери борышын өтеу мерзімі бұрынғыдай екі жыл етіледі деушілер де бар.
Бас штабтағы арнайы жабық кеңесте еліміздің қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қорғаныс жөніндегі департаменттердің (бұрынға әскери комиссариаттар) барлығын дерлік осы тұрғыда түсіндіру жұмыстарын нашар жүргізіп жатқаны үшін сынады, деп жазады "КАРАВАН" газеті.
Бір жыл бұрын ғана мерзімді борышын өтеушілер мен келісім-шарт жауынгерлері санының пайызбен алғандағы айрмашылығы, 30 да 70 болса, биыл олар 50 де 50-ге жақындаған.
Келісім-шарт бойынша әскерге барғандардың енді одан жаппай кетіп жатқанына не себеп екенін қорғаныс министрлігіндегілер ашып айтпайды. Десе де, барлық әскери бөлімдерге жіберіліп жатқан бұйрықтарда бұл ынталандырудың жоқтығынан деп көрсетілген.