Арандатып отырған министр бүкіл халықтың үстінен арыз жазбақшы ма?
2017 ж. 07 наурыз
6656
3
Өзінің үстінен арыз жазуымыз керек Елбасымыздың атына!
Министр арыз жазамын деп қорқытқан ба? Сонда бүкіл халықтың үстінен арыз жазып шықпақшы ма? Қорқақ баланы бір ұрсаң : " Мамаға айтамын!"' - дейді ғой. Мен не деп айтсам екен ? "Атама айтамын сені! Орныңнан ғана емес, басыңмен қосып жұлып алады"- деп қорқытсам қалай болады ? Бұлар жұмысын жөндеудің орнына халықты қорқытады. Халық қорықпайды бұрынғыдай. Елбасының саясатына қарсы келіп отырған өздерің құрып кетпеңдер. Елбасымыз "халықпен ашық жұмыс істеп үйреніңдер, ашықтық болсын" деген. Ел алдына шығып, осының бəрін баяғыда түсіндіріп бергенде бұндай дау болмас еді. Осындай арандатуға жеткізіп отырған министрдің өзі! Өзінің үстінен арыз жазуымыз керек Елбасымыздың атына!
Тыныш жатқан анакондалардың құйрығын баспаған дұрыс!