Ақтөбелік келіншек 2 жасар баласын көршісі зорлап жатқанын өз көзімен көрген
2017 ж. 06 наурыз
16863
74
Ақтөбеде көршісінің 2 жасар баласын зорлап тастаған ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Алпамсадай азаматтың кішкентай сәбиге жасаған қиянатының қалай болғанын сот қызметкерлері баяндап берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Шырылдап жылаған сәбидің дауысы далаға дейін жеткен. Баласының дауысын ести сала анасы үйге жүгіре жеткенімен есікті аша алмайды. Жан ұшырып, баласы жылап отырған бөлменің терезесіне келеді. Анасы сол сәтте іште болып жатқан адам шошырлық жағдайдың куәсі болған.
«Анасы алғашында абдырып қалған. Дереу жолдасына хабар береді. Бар күшімен терезені қағып «есікті аш» деп айқайға басқан. Сол кезде көршісі қолына ұстап тұрған баланы еңкейіп жерге қойып, түсіп тұрған трикосын қолымен қөтеріп, есікті ашқан. Серіктің анасы болған оқиғаны ішкі істер қызметкерлеріне хабарлап, К. есімді азамат тұтқындалды»,- дейді бас маман.