Баянды емес, Балиеваны өнеге қылыңдар - блогер
2017 ж. 02 наурыз
2883
2
"Доғарыңдаршы, болды ғой. Неге ол жайлы жаза бересіңдер? Əлде қазақ қыздары Баяннан өнеге алсын деп отырсыңдар ма? Жазатын болсаңдар, көп қой биікке шығып, бір отбасын гүлдетіп отырған ханымдар. Соларды бізге өнеге қылсаңдаршы. Мысалға алатын болсақ, бес баланың анасы Зағипа Балиева. Еліне де, отбасына да еңбегі сіңіп отыр".
Көпшілікке Фейсбук арқылы танымал қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өз парақшасына осылай деп жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Ол белгілі продюсер Баян Есентаеваны насихаттай беруді доғару керектігін айтады. Айгүл Орынбек Баян "қазақтың бір ер азаматын қадірлей алмаған" деп есептейді.
"Иә, Бақытбек қылмыс жасады жəне сол қылмысы үшін жазасын алады. Бірақ ұйып отырған отбасын бұзбау үшін əйелінің жүрісін жасырған Бақытбек қазақ азаматының тектілігін көрсетті емес пе? Ал бүтін бір отбасының талқанын шығарған Баянға да жазасын беру керек. Телеарналардан аластату керек!" депті жазба авторы.
Айта кетейік, жақында журналист Ерлібай Өзбекбайұлы да Баян Есентаеваны енді телеэкранға шығармауға шақырған болатын. "Ендігі жерде Есентаеваны қай телеарна экранға шығарса, сол арнаның басшысын өз басым ессіздердің қатарына жатқызамын" деді ол.