Ресейде сүйегі табылған қазақстандық жауынгердің қалтасынан құран шықты
2017 ж. 24 ақпан
2869
0
Ресейліктер Курск облысына қарасты Поныри ауданында жүргізілген іздестіру жұмыстары кезінде қазақстандық сарбаздың сүйегі табылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Muslim.kz.
Ал, жауынгердің сүйегі табылған аумақта НКВД -ның 140-шы Сібір атқыштар дивизиясы соғысқаны белгілі болды. Іздестіру тобы зерттей келе, жауынгердің ОҚО Сайрам ауданы Манкент стансасынан майданға 1942 жылы 17 наурызда аттанғанын анықтаған.
Мекен-жайы Манкент стансасы Қарабұлақ пошта бөлімшесі Молотов колхозы екені нақтыланды. Ресейліктер қазір қалтасында құран табылған жауынгердің туған туыстарын іздестіруде.
Сондай-ақ, жат елде қаза тапқан жауынгерді осы жылдың 7 мамыр күні Курск облысы Поныри ауданында құранмен қоса, қайта жерлеу жоспарланып отырғанын ескертеді.