Бас прокурор құзырлы органдардың азаматтарды азаптап, ұрып-соғатынын растады
2017 ж. 23 ақпан
3977
7
Кейбір қызметкерлер қолындағы билігін асыра пайдаланып, азаматтарды қинап, ұрып-соғып, арын аяққа басады. Бұл туралы бүгін түрме реформасына арналған IV форум барысында Бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді деп жазады Sputnik.
Бас прокурор бірнеше мысал келтірді. Қарағандыда Синявин деген азаматты азаптағаны соншалық, ол эпилепсия ұшырап, салдарынан мүгедек болып қалған.
«Слекишинаға қатысты оқиғаны бүкіл республика біледі. БАҚ жарыса жазды. Тек осы бір Слекишинаға қатысты оқиға бүкіл құқық қорғау жүйесіне кір келтірді. Бұл тек ашылған қылмыстар. Ал қанша қылмысты біз білмейміз. Дәлелсіз кейбір қылмыстар қалып жатыр», - дейді ол.
Оның айтуынша, азапқа ұшырағандар өмір бойы билікке өкпелі. Олар билік қорғаудың орнына қорлайды деп есептейді.
«Осыдан кейін қандай бізге халық тарапынан қандай сенім болуы мүмкін? Сондықтан біз осы мәселемен айналысып жатырмыз», — деді Асанов.