ӘЙЕЛІҢ ҚЫМБАТ ПА, ПОЛИЦИЯ ҚЫМБАТ ПА?
2017 ж. 19 ақпан
6622
34
Адамның миына сыймайтын нәрселерді қалай ойлап табады біздің үкімет? Дайындалып жатқан заңдардың бірі бойынша ер әйелін ұрса -40 мың теңге айыппұл салады екен?.. Тоқтай тұрыңыз, ең сорақысы мынау: полицияның жағасына қолыңыз барып қалса, біттіңіз - 11 миллион (!!!) теңге төлейтін боласыз...
Енді бұдан кейін кейбір тілі ұзын әйелдердің тілі тіпті ұзарып (ұрыстың бірінші себебі -әйелдің тілі) , ал полицей күдіктіні көрсе, өзі жүгіріп барып, сөзге келмей төбелесті бастап жіберетін шығар... Ертең, Ішкі істер министрлігінің бюджеті азайып кетсе, полицейлері көшеге шығып, жаппай төбелесіп жүрмесін деңіз...
Бұндай сорақылыққа дәл жауап берген Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың сөзі баспасөзде ел аралап кетті:
- Егер еркек əйелін сабаса, 40 мың теңге айыппұл салынады. Ал, полициямен сөзге келіп қалсаң 11 миллион теңгеңді сыпырып алмақ. Бұл не сонда? Əйел полиция өкілінен мың есе арзан болып тұр ғой. Мен мысалы өз əйелімді мың есе артық жақсы көремін...
Бұдан артық не айтасың?!.
Қ. Жарылқасынұлы
qazaquni.kz