Танымал актриса елден көмек сұраған сегіз баланың анасын сөгіп тастады (фото)
2017 ж. 10 ақпан
8531
26
Танымал актриса Гүлшарат Жұбаева сегіз баланы дүниеге әкелген жалғызбасты ананың күйін көріп, балаларды ойланбай туа берген жөн емес деген пікірін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Қазір ғана 8 баласы бар әйелге қолымнан келгенше азық-түлік апарып қайттым. Ана балапандардың қандай жерде тұрып жатқанына қарап тұру мүмкін емес. "Елім, жұртым өлтірмейді" дейді. Бұл ой қаншалықты дұрыс? Басында үйі, жағдайы жоқ адам 8 балаға жеткенше мемлекетке сеніп, туа беру, меніңше, дұрыс емес. Сондағы 8 балаға алатын бір айлық жәрдемақы - 8 мың теңге", - деп күйінді актриса.
Ол өз көзімен көріп келген отбасының қиын жағдайын айтты. "Күнде ауыратын балалардың тұрып жатқан жері адам тұрғысыз", - дейді ол.
"Көзін ашқаннан дұрыс тамақ ішпей, бүтін киім кимей, көк жөтелмен алысады. Сапалы білім алмай өскені қаншалықты дұрыс? Табалайын деген ойым жоқ. Тек Алланың берген балапандарына қиянат істемей, сапалы балаларды өсіруіміз керек. Балапандар тірі жан ғой, олар да, басқа балалар сияқты қалағанын жеп, толыққанды өсуі керек. Өскенде ауру, білімсіз саны көп азамат болғаны кімге қажет? Саны емес сапасына мән берсе екен аналар. Мен ойланбайтын анасын, әкесін емес, балаларды аяймын",- деді ол.
Сонымен бірге, ол сегіз балалы анаға баспана алу мәселесін де қолға алуды ұсынды.