Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың кім екені анықталды
2017 ж. 03 ақпан
3051
0
Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 31 қаңтарда шамамен сағат 20.30-да Қалдаяқов көшесінде орналасқан үйдің көлік тұрағында болған. Астананың 20 жастағы тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
![]()
"2 ақпанда Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіндегілер үйдің ауласында интим фотосет ұйымдастарған қыздың кім екенін анықтады. 20 жастағы қыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жіберілді", - деді Астана қалалық ІІД өкілдері.
Еске сала кетейік, кеше зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.