Астаналық келіншек Instagram-да құрбысының суретіне лайк басқаны үшін күйеуімен ажыраспақ
2017 ж. 24 қаңтар
2752
3
Астана тұрғыны Динара К. Instagram-дағы лүпіл үшін күйеуімен ажырасуға бел буды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Енді кімге лүпіл басса да, өз еркі. Мектепте бірге оқыған құрбым Айдананың фотоларынан оның лүпілін тапқанымда, бірден түсіндіруін талап еттім. Күйеуімнің түрі бозарып, мұны абайсызда істегенін алға тартты. Алайда ол Айдананың бүкіл фотосына абайсызда лүпіл баспаған шығар? Мен күйеуімнен ернін үлкейтіп алған ол сылқымды ендігі бұғаттап тастауын өтіндім. Ол өтінішімді жерге қалдырмады, маған жақсы көңіл бөліп, гүлдер сыйлайтын болды. Бірақ бір ай бұрын мен тағы да Айдананың фотосына күйеуімнің пікір жазғанын көріп қалдым", - деп көзіне жас алды Динара.
Динара бұл жайттан кейін психологтың көмегіне жүгінсе де, күйеуін кешіре алмаған. Өзгеге лүпіл қойғанын сатқындық деп білген келіншек ажырасу жалғыз шешім екеніне сенімді.
Жанар Дәуітованың материалынан аударылды.