Жасы 20-ға толмаған жезөкшелер қытайлықтарға "қызмет көрсету" кезінде ұсталды
2017 ж. 18 қаңтар
10251
29
Алматы, 18 қаң - qazaquni.kz. Алматыда ән айтатын жерде жатып зина жасағандар ұсталды. Қызығы сол, ол жерге «ән шырқау» үшін тек шетелдік азаматтар кіретін болған деп хабарлайды КТК арнасы.
«Әні» бітпейтін караокенің үстінен көршілері шағым түсіріпті. Ішіне сау етіп кірген тәртіп сақшылары өз көзіне өздері сенбей қалды.
Өйткені «түнгі көбелектер» клиенттерін караокенің тура ішінде қабылдап жүрген екен. Әрі шетелдіктерді ғана кіргізетін болған.
Бұл жолы бір топ қытайлық әнін аяқтап үлгермей қалды. Ал караокенің иесі қашып кетті.
Өздерін турист деп таныстырғандар болса, «қыздарға емес, сыра ішуге келдік» деп бастарын ала қашты.