Мәжіліс депутаты: Уақытша тіркелуге барып өлсе не бопты, үйінде жатып та өледі ғой
2017 ж. 16 қаңтар
9801
26
"Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Біз көптеген заңдар қабылдап жатамыз, ал ол заңдарды жүзеге асыру - қажетті шара"
Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-да орын алып жатқан кісі өлімі деректеріне уақытша тіркеу туралы заңның салдары ретінде қарамайтынын жеткізді деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі.
«Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Біз көптеген заңдар қабылдап жатамыз, ал ол заңдарды жүзеге асыру - қажетті шара. Сондықтан, тіркеуге отырғызудың дұрыс екеніне, бүгінгі таңда, ешкім де күмән келтірмейді", - деп мәлімдеді Жамалов.
Мәжіліс депутаты Галина Баймаханованың ойынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кісі өлімінен ХҚКО көп халыққа қызмет көрсетуге дайын емес екенін көруге болады. Сонымен бірге, оның пікірінше, халықтың "заң алдындағы" жауапкершілігі тым жоғары.
"Біздің азаматтарымыздың адамгершілігі мол болып отыр ғой. Олар өз мүмкіндіктерін толық бағалай алмай, айтқанды орындауға ұмтылған. Егер адам өзін жайсыз сезініп тұрса, онда барудың не керегі бар? Бір жағынан ХҚКО-ның дайындығы аз, олқылықтар бар", - деді Баймаханова Алматы ХҚКО-дағы екі кісінің өліміне қатысты.
Оның айтуынша, тұрып жатқан жеріңде тіркелмеген жағдайда жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасы "ұзақ жылдар бойы жасалып" келген.
"Ол жерде қағидалар ғана реттелген, ал бұдан кейінгі іс-қимылдар асығыс жасалды. Мейрамдар болғандықтан, ешкім орталықтарға бара қоймас деп ойлаған болар, ал біздің азаматтар болса, заңға бағынатын болып шықты. Олар тіркеуге барынша тез отырмақ болған. Бұл ХҚКО-ның дайын еместігі. Олар мұндай халық легін күтпеген еді. Тек қана осы", - деп санайды депутат.
Сонымен бірге, оның айтуынша, заң жобасының тіркеуде тұрмағаны үшін жауапкершілікке тартуды қарастыратын бастапқы нұсқасында тіркеуге тұру үшін берілетін ауыспалы кезең бір ай емес, 10 күн болған.
Кейіннен ХҚКО әкімшілігі орын алған жайттың мән-жайын айтып берген болатын. Олардың айтуынша, тұрғын орталықтың ғимаратында емес, оның жанынан өтіп бара жатқан кезінде қайтыс болған. Сонымен бірге, оның бір аяғы жоқ мүгедек екені белгілі болған.
Қайтыс болған ер адамның қызы болса, әкімшіліктің айтқан сөзін жоққа шығарып, Қонысбек Сәлімбаев кезекте үш сағат бойы тұрып, дәл сол жерде қайтыс болғанын айтып отыр.