ТІЛДІ ТЕЗ ҮЙРЕНУДІҢ 7 ТӘСІЛІ
2017 ж. 15 қаңтар
2925
1
Егер шет тілін үйренемін деген ниетіңіз болса, онда 16 тіл меңгерген венгриялық Като Ломбтың 7 кеңесіне құлақ түріңіз.
1.Тіл үйренем деп мақсат қойсан күнде дайындал. Уақытым жоқ дегеннің өзінде, кем дегенге 10 минутынды тілге арна. Басың ақпаратты тез қабылдасын десең, таңертең дайындал.
2. Тіл үйренуге деген қызығушылығын басыла бастаса мейлінше сол тілде қызықты кино көруге тырыс.
3. Жаңа сөздерді жеке-жеке жатағаннан сөйлемдер не тіркес құрып жатта. Өмірде қолданылатын тіркестерді көптеп жазып алып, қатарымен емес, әр жерінен қайталап миға сіңдіргенің дұрыс..
4. Көзіне түскен затты аударуға тырыс. Мысалға; сеурендеп жүріп көрген киноның атауы, естіген әннің атауы мұның бәрі ми үшін жаттығу іспеттес.
5. Тек грамматикамен шектелме. Не бар, бәрін қолдан: газет оқу, өлең тыңдау, кино көру, шет тіліндегі семинарлар мен жиналыстарға қатысу, шет тілін меңгерген достармен әңгімелес.
6. Сөздердің дұрыс оқылуымен жатта. Қате жаттасаң, түзеу қиын болады.
7. Мейілінше көп сөйле, қате жасаудан қорықпа. Көш жүре түзелер.
Бастысы мойыма, еңбектің түбі береке. Әр дайындығын-прогресс. Түбінде сөйлеп шығасын!
Аударманы әзірлеген Бибігүл Жандарбекқызы
Abai.kz