БҮГІН - ЧАЙНА, ЕРТЕҢ - SHINA !!!
2017 ж. 12 қаңтар
4268
4
Қытайдың қазақ қыздарынан қалыңдық іздеуі - жұтудың бір түрі!
Қажымұқан Ғабдолла коллажы
Фейсбук парақшасында Айгүл Қажыбек: "Қытайда туып өскен азамат ретінде білерім, олар еш нәрсені тегін жасамайды. Көрші деген ұғымға біз сияқты қарамайды. Баяғыда, бір қытайға аудармашы болып, әңгімесін естігенде жағамды ұстағам: "Қытайда шешеме қарап отырған әйел, балам бар. Бірақ, Қазақстаннан тұрмысы төмен қыз тауып берсеңдер, жағыдайын өзім жасаймын. Басты талабым - тұрмысы төмен болсын" деген. Олар ең жансыз жерді біледі. Мемелекеттіміздің әлсіз тұсын ұстап алмаса болғаны..."-деп жазыпты.
Айгүл қарындасым дұрыс айтып отыр. Қытай қимылдамайды. Ал қимылдаса жұтады! Жұтып та келді. Жақындағанның бәрін, тіпті өздерін жаулап алғандардың өзін жұтып қойды. Бұл тарихи шындық. Енді олар әлемдегі ыңғай "берген" елдің бәрін жұтуға көшті. Қытайдың "Чайна Тауны" әлемнің көптеген елдерінде бар. Бұл не? Бұл - қарсылықсыз жаулау! Бүгін - Чайна, ертең - Shina!
Сол сияқты тап қазіргі бізге қолданып отырған "Қытай жобасы", яғни "қытайдың аухатты азаматтарының қазақ қыздарынан қалыңдық іздеуі" де, жұтудың бір түрі. "Қарындасыңды қатын қыламын" дегені ауыр тиіп тұр маған. Шын мәнінде бұл қытайдың қазаққа бір тамызуы! Қызыңа тамған бір тамшы - ұлтыңа шашыраған мың тамшы! Менің намысымды келтіріп, өлтіріп бара жатқан жері де осы! Тамызғанда да, қазақ жігіттерінің аяқ-қолын, заң күшімен, "байлап-матап" қойып, тамызбақшы! Тамған дүние денеңе тарап, санаңды жаулайды! Келе-келе бойың соған үйренеді. Сосын, олар қанша және қалай тамызамын деседе, өзі біледі.
Қытайлықтардың қазақ қыздарына, мейлі олар, кейбіреулер айтқандай, жаман қыздар болса да, осылай салтанатты түрде келіп, өздеріне жар таңдай алуы - түбі ұлттың жұтылуы, жойылуына соқтырады! Біз бұл жағдайда, өз еркімізбен қытайлықтарға күйеуге тиіп жатқан, бей-берекет құбылысты, өз қолымызбен ретке келтіріп, даңғыл жол салып берген боламыз. Қашанда "күйеу" баланың осылай "есік ашып" келуін күтетін күйге түсеміз.
Бұл алты ай бойы, адам түгілі бір оқ өтпеген Отырар қамалын, сатқынның ашып берген қақпасынан енген жаудың алты сағатта күйреткенімен тең, опасыздық.
Ендігі жерде, осы "Қытай жобасына" бірден қарсы шығудың орнына: "бары-жоғы 5 қытай екен", "тексіз, тәрбиесіздерді ұстаудың қажетті жоқ", "елдің ойын басқа жаққа бұру бұл", "биліктің тапсырмасы" деген сияқты сөздер айтып, қытайларға "бүйрегі" бұрғандар, өздерін ұлтшылмын деп айтпасын! Мұндай "ұлтшылдар" Отырар қақпасын жауға ашып берген - сатқындар! Осылар, сірә, қымбат төленетін қытай агенттері ғой деймін. Бірі емес, бірнешеуі: "Қытай баса-көктеп кіретін, агрессивті ұлт емес. Оларды тек қыздарымыз ғана қызықтырады. Оларда 40 млн еркек жалғыз басты екен. Қайтеді енді" дегендей, жүректері елжіреп тұр. Сонда бұлар, қытайдың дегеніне көнсең, сол 40 млн сүрбойдақ, бары-жоғы 17 млн қазақты, талғамай-ақ, түгелдей дерлік өздеріне "адал жар" етіп ала салатынына милары жетпейді-ау деймін!
Әлде милары жетсе де, оларға сондай жағдай ұнай ма? Ұнаса, елді үміттемей, өз қыздарын берсін. Тіпті, өздері де сол қытайларына еркек-ұрғашы бар, үрім-бұтағымен қоса "тиіп" алсын.
Жалпы осындай келте ойлы, пиаршыл, батысшыл, өздерін элита санатына қосатын "ұлтшылдар" бәрінен де қауіпті! Бұлар: "дүмше молда ел бұзар" деген, нағыз мәңгүрт "серкелер". Артынан ерген қойларды етке өткізуге бастап бара жатқан ешкілер! Бұлар: "Жерді сатуға болады, себебі ол әлемдік тәжірибеде бар" деді. Бұлар: "жігіттердің сырға тағып, ерін, көз бояғанында тұрған ештеңе жоқ" деп, 91 тобын да қолдады. Енді міне: "Кетемін деген қызды байлап ұстай алмайсың" деп, қытайларды елге келе берсін деп отыр. Бұлар, неге екені белгісіз, басқа жерде үнсіз қалса да, осындай өте қауіпті, түбі ұлтты жойып жіберуі мүмкін бастамаларда ерекше екпінді болады!
Мысалы, бұлардың бүгінгі тілге тиек еткен "қайғысы": "жалпыұлттық тіркеу" елге қанша машақатты болса да, билік тиым салған сәтте-ақ бірден тоқтайтын қарбалас. Ал "Қытай жобасы" басталып, өріс алып кетсе, оны тоқтату қиын. Ол халықаралық мәнге ие болып кетеді. Сосын "қылышыңды боққа шап".
Міне сондықтан, "Қытай жобасы" тентіреткен "тіркеуге" қарағанда ұлтымызға әлдеқайда қауіпті. Көп қауіпті! Енді осыған пайымы жетпей, ұлтты өлтіретін не екенін білмей тұрып: "Келетін 5 қытайға бола дүрлігу - елдің көңілін "тіркеу науқанынан" басқа жаққа бұру үшін, биліктің тапқан амалы" деп, көлгірсіген адам - ұлттың дұшпаны! Себебі, қытай бесеу болып келмейді! Келсе де, мәселе онда емес. Мәселе - оларды "зарыға" күткен қаракөздердің санында, санасында! Шараға әлі бір айдай уақыт бар болса да, дәл қазір тізімге 30-дан астам қыз жазылыпты, оның ішінде ағайынды қытайлықтарға тиеміз деп отырған апалы-сіңлілі екі қыз бар дейді! Ал керек болса!
Ұлтын шын ойлайтын адам, мұндай сын сағатта "буынсыз жерге пышақ ұрып", қия, кері тартпайды. Өткен-кеткен, майда ауыс-түйісті, жеке бас түсініспеушілікті ұмыта тұрып, қарындасын қорғаған ерлер қатарына келіп, сап түзейді. Бөріні көргенде, өзара арпалысып жүрген ауыл арландары бірігіп кетеді. Ата-бабамызда сырттан жау тигенде, есептесіп жатпаған, бас біріктірген. Ата-баба жолынан тек тексіз ғана аттап кетеді. Тексіз болмайық ағайын! Кері тартпайық. Пайдаң тимесе де, қара көз қарындастарын қорғауға бел буған арда азаматтарға, аяқтан тартып, зыяндарың тимесін.
Осыны ұмытпаңдар!
Геройхан ҚЫСТАУБАЙ,
qazaquni.kz