Лаңкестер тіркелуге келмейді - депутат уақытша тіркеудің әлегі жайлы
2017 ж. 10 қаңтар
5064
2
Бүгін мәжілісмен өткен жылдың қазанында заң жобасы талқыланып жатқан кезде төменгі палатаның жалпы отырысы барысында айтқан күмәнін тағы да қайталады. Сол уақытта депутат шетелдіктердің тіркеуі туралы мысал келтірген болатын.
"Қазақстанға шетелдік серіктестер келгенде оларды тіркеуге тұрғызуда қандай жағдайлардың болатынын кез келген бизнесмен айтып береді. Тіпті аз адам келсе де бюрократиямен бетпе-бет келеді, сағаттап кезекке тұрады, қағазбастылыққа ұрынады. Реттелмеген жағдай өте көп: құрметсіздік таныту, айыппұлдар", - деп келтірді депутат "Ақ Жол" парламент фракциясының хатын.
"Ал барлығы жаппай тіркеле бастаса, азаматтар шетелдіктерді ғана емес, өзінің барлық досы мен қонағын тіркеуге жаппай ағылса не болмақ? Көші-қон полициясында не болады? Қандай кезек пайда болып, халықтың көзқарасы қандай болмақ? Осынша көп қағазбен, осындай көп мәліметпен көші-қон полициясы не істейді? Ең бастысы, терроризм шабуылдары тұрғысында бұл қаншалықты пайдалы және тиімді болады? Дәл осындай кең көлемді қамту қосымша жауапкершілікті талап етеді және онсыз да заңға бағынып, құрметтейтін азаматтарға қысым көрсетіледі", - деп білдірді пікірін Азат Перуашев.
Депутаттың айтуынша, ҚР ІІМ осы заң жобасын түсіндіргенде депутаттар мұның мақсатын жете түсінбеген. "Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде терроризммен күрес шаралары күшейтіліп жатыр. Түркияны мысалға алайық, мұнда теракт күн сайын болады десек қате емес, ондаған адам қаза тауып жатады. Еуропаны, АҚШ-ты мысалға алып көріңіздер. Шын мәнінде бұл мәселе өзекті. Алайда тіркеу арқылы терроризм мәселесі шешіле ме, лаңкестерді алдын ала анықтап, іздестіруге көмектесе ме - бұл үлкен мәселе", - деді депутат.
Оның айтуынша, лаңкестер өз бетімен тіркеуге бармайды.
"Соған қарағанда, осыған дейін де айтқанымдай, лаңкестер тіркеуге келмейді. Біз заңды құрметтейтін азаматтарымызды әуреге саламыз. Ал теракт жасауға келгендер жасырынады. (...) Қайтсе де, заң жобасын талқылау барысында бүкіл әлемде антитеррористік шаралар қатаңдатылып жатқандықтан, осы ұсынысқа келісім беріп, құқықтың тірі ағза екенін, оны қажеттілік туса өзгертуге болатынын түсінеміз", - деді Перуашев.
Сондай-ақ, Перуашев бұл жағдайда кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ екенін айтып өтіп, мәселену шешудің тетіктерін атап берді.
"Менің пікірімше, қазіргі жағдайда, ең бастысы шалалық - ІІМ-нің электронды тіркелу жүйесін жетілдірмегені. Премьер айтқандай, "электронды тіркеу болса, көпшілікке бұл жеңілдік туғызар еді". Ал мәселен, онлайн тіркелу кезінде қателессең, мұны тексеріс кезінде анықтау қиын емес болар еді. Бұл азаматтарымызды созылған кезектерге тұрғызбаудың амалы болар еді. Соған қарағанда, бірінші кезекте біз электронды тіркеу жүйесін енгізуіміз керек. Екіншіден, жауапкершілікке тарту шараларын қолдану кезінде өтпелі кезеңді қарастыру керек. Себебі қазір ІІМ органдарының осы кезеңді қарастырмағанын байқап отырмыз. Қазіргі уақытта полициямызға көмектесуіміз керек - қандай жағдай болса да - бұл біздің қауіпсіздікті қадағалайтын орган. Бар кінәні біз олардан іздей бермейік, себебі не жағдай болса да, біз көмекті солардан күтеміз. Сондықтан ІІМ органдары өтпелі кезең жайлы ойлануы тиіс, бұл бір ай емес, екі айға созылса, себебі азаматтарымыз осы жүйеге өтіп үлгеруі тиіс. Мәселен мен Астанада тұрамын, бірақ студент қызым Алматыда оқып жатыр, бірақ ол жақта да өз үйі бар, бірақ қазір ол да осы мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Бірақ бұл проблема емес. Бірінші рет барып, тіркеле алмай қайтыпты", - деді депутат.