Қызылордалық тұрғын ешкімде жоқ көлік құрастырып алды (фото)
2016 ж. 25 желтоқсан
13423
13
Қызылордалық өнертапқыш өзі құрастырған көлікке "Барыс-пикап" деген ат қойыпты деп жазады naryk.kz.
Бұл көлік бір жағынан жеңіл автокөлікке ұқсайды. Алайда, дөңгелегі баяғы жүк таситын ГАЗ-66-нікі секілді. Жаңа автокөлікті құрастырып шығарған Жаңақорған ауданы Қыркеңсе (бұрынғы Задарья) кеңшарында прораб болған Исраилдың ұлы Баянбай деген азамат.
Баянбай ұзақ жылдар бойы қауіпсіздік саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан. Ол жарамсыз деп тасталған машина бөлшектерін бір жарым жылға жуық уақыт жинап, қолдан құрапты. Жоқ жерлерін қолдан жасап, дәнекерлеп, қосымша бөлшектер орнататын жерлерді тесіп-кесіп орнатыпты.
Нәтижесінде сыйымдылығы 7 адамдық пикап болып шығады. Бір қызығы, автокөлікте мемлекеттік нөмірі де бар екен. Сан рет сынақтан өткен. Көлікке барлық «параметрлер бойынша техникалық жағынан жарамды» деп қорытынды шығарылған.