Дәурен Абаев 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердегі іркілістің себебін айтты
2016 ж. 20 желтоқсан
3148
0
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 16 желтоқсан күні әлеуметтік желілердегі іркіліске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап "Қазақ Үні" ұлттық порталы.
«Жоқ, бұл Мұхтар Әбілязовтің сұхбатымен байланысты емес. Бұл телекоммуникациялық желілердегі техникалық іркіліс. Мұндай жайт оқтын-оқтын орын алып тұрады. Дегенмен, менің түсінуімше, бұл 16 желтоқсанға дәл келуіне байланысты белгілі бір деңгейде резонанс тудырды», - деді министр.
Естеріңізге сала кетсек, 16 желтоқсан күні бірқатар әлеуметтік желі, оның ішінде Facebook, Instagram, YouTube видео-хостингі, сонымен қатар Google іздеу жүйесі жұмысында іркілістер болған еді. Осыған орай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі әлеуметтік желілер мен іздеу жүйесіндегі мұндай іркілістің техникалық себептерге байланысты орын алғандығын хабарлаған-ды.