ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНА ҚАРСЫ ШЫҚҚАНДАР
2016 ж. 14 желтоқсан
16149
21
Белгілі қоғам қайраткері Серік Сапарғали өзінің Фейсбук парақшасында "ӘБІЛӘЗОВТЫҢ ОҢ ҚОЛЫ КОЗЛОВТЫҢ 138 ҚАЗАҚТЫҢ БЕТКЕ ҰСТАР АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ ҮНДЕУІНЕ ҚАРСЫ ЖАЗҒАН ХАТЫ" деген тізімді жариялады.
Кезінде 2011 жылы Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының Конституциядан қазақ тіліне тұсау болып келе жатқан 7 баптың 2-ші тармағын алып тастау туралы талабын ондаған мың адам қолдағаны белгілі. Бірақ, Кремльге қарап оразасын ашатын біздің биліктің бұл халық талабын орындауға шамасы жетпеді. Атазаңдағы 7 баптың 2-ші тармағын алып тастамай қазақ тілін дамытамыз деген - нағыз көзбояушылық, халықты алдау! Бұны дәлелдеп, кезінде бірнеше мақала да жазған едік. “АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…” https://qazaquni.kz/?p=8911 3 Ал билікке қосылып кетіп, қазақ зиялыларының талабына - қазақ тіліне - қазақ мүддесіне қарсы шыққандардың ішінде белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева бастаған біраз "зиялылар" бар екен! Сонымен бірге "Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының міндетін атқарушы Роза Ақылбекова, Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Әділ Жәлелов деген, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова (суретте), Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева, саясаттанушы Әділ Нұрмақов, «Алға!» партиясының төрағасы Владимир Козлов, журналистер Сергей Дуванов, Игорь Винявский, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева т.б. қол қойыпты... Адам құқын сақтағыш Ақылбековаға қазақтың құқы –қазақ тілінің құқы көк тиынға керегі жоқ екенін көрсетті. . Көрінген жерге тұмсығын сұғып, заң айтқыш Бақыт Түменова үшін қазақ тілінің төрге шығуы заңсыз екен... «Әділ» деген аттан садаға кеткір ана бір екеу өз ана тілдеріне әділетсіздік жасап отырғандары да миларына кірмейтін болар... Құқықттық саясатты зерттегіш тағы бір Ерғалиеваның (Назгүл), тек өз жеке бастарына пайдалы ғана болса ғана «шындық» іздегіш журналистер Сергей Дуванов, Игорь Винявский, Тамара Калеевалардың және жоғарыда аты аталғандардың барлығының тірлігі «ас болса –бізге, тас болса –өзгеге» ұстанымымен ғана өмір сүру екені елге белгілі болып қалған қазір. Қалған қазақ тіліне қарсыларды бір-бір ұйымның басшылары болса да жыға танымадық... Ал аңқау елге "оппозицияшы" көрініп жүрген, ақыры "Свобода слова" газетін билікке сатып жіберіп, бүгінде белгілі қайсар саясаткер Ғалымжан Жақияновтың отбасының соңына түсіп алып, сотқа беріп жүрген Гүлжан Ерғалиева қазақ тіліне қарсы хатқа қол қойып тұрып, әкесі Алаштың арда ақыны Хамит Ерғалиевтің әруағын ойламады ма екен дейсің. Бірақ, бүкіл әлемге интернет арқылы тыржалаңаш денесін көрсетіп елді шошытқан, «ақынның қызы дамбалсыз» деп, белгілі тележурналист Серік Абас-шах жазғандай, лыпасы жоқ жалаңаш кемпірде ұлттық мүдде қайдан болсын... Ал 2009 жылы бізбен бірге Республика сарайында "Мемлекеттік тіл" митингісіне қатысып, сөз сөйлеген "Алға" партиясы төрағасы Владимир Козлов болса, екіжүзділік танытып, қазақ тіліне қарсы қайрат көрсетіп жүргені әшкере болды. Ал Козловтың бас қожайыны Мұхтар Әбіләзовтың кезінде 138-дің хатына ашық қарсы шығып, баспасөзде хат жазғаны мәлім. Сол кезде ғой, кейін қанатты сөзге айналып кеткен «Біздің орысқұл биліктен айнымайтын орысқұл оппозициямыз бар» деген сөзді айтып жүргеніміз.. Сондықтан болар, кезінде Козловтың қолынан жем жеп үйренген, оның ұлтшылдарға қарсы қойып жүрген Жасарал Куанышалин, Жанболат Мамай сияқты біраз "оппозиционерлері" қожайындарына жағыну үшін Қазақ тілін [caption id="attachment_112558" align="alignleft" width="166"] OLYMPUS DIGITAL CAMERA[/caption] қолдаған 138-дің хатына қол қоймай қашқан кезде: "ол 138-дің хаты биліктің тапсырмасы" деген бейшара желеулерін бетперде қылған еді... Осылай қайраткер Серік Сапарғали ағаның арқасында біраз "аңқау елге арамза молдалар" су бетіне шығып жатыр... "Қазақ үні" газеті 2004 жылы (ол кезде "Жас қазақ үні") Парламентте қазақ тіліне қарсы шыққан депутаттардың тізімін жариялап, елді дүр сілкіндірген еді. Біз 2014 жылы , он жыл өткен соң сол тізімді қайта жарияладық, ұлттық мүддеге сатқындық жасағандардың есімдерін интернетте қалдыру үшін... Айтқандай-ақ, олардың аттары суреттерімен бірге...интернетте жайылып кетті. Енді , міне, қазақ тіліне қарсы шыққандардың тағы бір шоғырын танып алыңыздар. Қазақ тіліне қарсы аталмыш "Ашық хатқа" келейік. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, Премьер-министр Кәрім Мәсімовке, Парламент Сенатының спикері Қайрат Мәмиге, Парламент Мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджановқа арнаған Ашық хат: Құрметті отандастар! Қазақ тілінің рөлінің күшеюі мен Қазақстандағы орыс тілі мәртебесінің өзгеруі туралы қазақтілді зиялы қауым тобының жазған хаты бізді бей-жай қалдыра алмады. Біздің ойымызша, ұсынылып отырған жол тым радикалды және қоғам өміріне кері бағыттағы түбегейлі өзгерістер әкелуі мүмкін. Конституциядан орыс тілінің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау, әсіресе, бұл іс-әрекетті асығыс-үсігіс жүргізу қоғамдағы шиеленістің өршуіне, ұлтаралық қарым-қатынастың ұшығуына, тілдік негізде бөле-жара қарап, шеттетуге, жаппай эмиграция мен өзге де түйткілді мәселелерге әкеліп соғады. Мұның біздің миллиондаған азаматтарымызға, Қазақстанның игілігі үшін өмір бойы тер төккен бірқатар отандастарымызға оңай тимесі анық. Тілді меңгеруге шақыру шеттету, ксенофобия және қоғамда астан-кестен өзгерістер жасау арқылы емес, ағартушылық қасиеттер мен шыдамдылық ережелерінің негізінде, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибенің ескерілуімен жүргізілуі тиіс. Біз түптеп келгенде өркениетті және сындарлы іс-әрекеттің ғана дұрыс нәтиже бере алатынына еш күмәнданаймыз. Қазақстан ұлты мен тегіне қарамастан барлық азаматы тең мүмкіндікке ие мемлекет және келешекте осылай болып қала да бермек. Біздің пайымдауымызша, ұлтаралық тұрақтылықты сақтау және тең құқықпен қамтамасыз ету – республиканың қазіргі және болашақ азаматтары .үшін маңызды міндеттердің бірі. "- деп, негізгі жанды жараны жабулы қалдырып, жанай шауып, жалпылама соғады. Одан соң "Сонымен қатар, біз қазақ тілінің рөлі, маңыздылығы және мәртебесі нығаю қажет деп санаймыз. Қазақ тілін бүкіл ел азаматтарының жетік білуі жолында мемлекет өзінің эволюциялық ресурстарын іске қоса алады деп сенеміз"-деп алып, 138-дің хатының нақты, заңды талабы болмаса, ешқашанда ешқайсысы іске аспайтын жалаң дидактиканы, 25 жылда біреуі де нәтиже бермеген шаралар мен "ақыл-кеңестерді" тізіп шығады. Сонымен, қазақ тіліне қарсы шыққандармен таныс болыңыздар: Роза Ақылбекова, Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының міндетін атқарушы, Тамара Қалеева, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті, Гүлжан Ерғалиева, Guljan.org медиа жобаны бас редакторы, Сергей Дуванов, тәуелсіз журналист, Әділ Жәлелов, Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы, Бақыт Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті, Назгүл Ерғалиева, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры, Владимир Козлов, «Алға!» партиясының төрағасы, Әділ Нұрмақов, саясаттанушы, Татьяна Трубачева, «Голос Республики» газетінің бас редакторы, Анастасия Новикова, «Республика» мультимедиа жобаларының редакторы, Вячеслав Абрамов, журналист, Игорь Братцев, MediaNet халықаралық журналистика орталығының директоры, Ирина Медникова, Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметінің директоры, Диана Медведникова, Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа-орталығының директоры, Игорь Винявский, «Взгляд» газетінің бас редакторы, Алексей Гостев, «Взгляд» газетінің бас редакторының орынбасары, Александр Клюшев, Қазақстан діни бірлестіктері ассоциациясының төрағасы, Эльвира Ватлина, Қазақстан Балалар Қоры басқармасының төрайымы, Евгения Козырева, Феминистік лига президенті, Надежда Гладырь, «Подруги» дағдарыстық орталығы, Фарида Сулеева, «Газета для родителей», «Қарыз бен Парыз» басылымдарының редакторы, Валентина Рагоза, «Амулет» қоғамдық бірлестігінің директоры, Олег Соскин, «Открытый мир» қоғамдық ақпараттық орталығының директоры, Андрей Свиридов, тәуелсіз журналист. Міне, биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 25 жыл - ширек ғасыр болса да, мемлекеттік тілі әлі нан сұрап жей алмайтын жағдайда қалуына жанталасып, жанын салғандардың есімдері! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды! Қазыбек ИСА qazaquni.kz