Жетімдер үйінің түлектері сәләфизм ағымын ұстанып кеткен
2016 ж. 07 желтоқсан
2289
0
Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі емес исламлы ұстанушылардың қатарымың адамнан асып кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Оралдағы филиалында өткен брифингте облыстық Дін істері басқармасының басшылары айтты деп жазады Skifnews.kz порталы.
Айта кетейік, 2016 жылы дінаралық және конфессияаралық алауыздықты тудырғаны үшін, сонымен қатар террористік актілер туралы жалған ақпарат таратқаны үшін барлығы 39 қылмыстық іс қозғалған.
"Қозғалған істердің арасында заңсыз құрылған қарулы топтарды қаржыланыру және оның құрамына ену сынды деректер бар", - деді Т.Нығметов.
Оның айтуынша, аталған басқарманың жылдық бюджеті 32 миллион теңгені құраған. Бұл ақшаның 5 миллионы әлеуметтік зерттеу жүргізуге жұмсалыпты. Яғни, сұрақ-жауапқа қатысқан тұрғындардың 83 пайызы өңірдегі діни ахуалға тұрақты деген баға беріпті.