Қазыбек Иса. ТАРТЫЛЫС
2016 ж. 18 қараша
3597
2
Бұдан 25 жыл бұрын 1991 жылы 18 қарашада Ұлы көшке жол ашқан Елбасы қаулысы шықты. Бүгінге дейін Атамекенге бір миллион қандасымыз келіп, Тәуелсіз Қазақстанға қазына болып құйылды.
ТАРТЫЛЫС Табаныңда тартылғанда үзеңгi, Тағдыр салса, басарсың-ау жүз елдi. Қаншама кең болғанымен қара жер, Бiр-ақ жерге бүгесiң ғой тiзеңдi... Ерiп кетiп Өмiр деген көшкiнге, Кешедi елiң, Келсең де сен кеш мүлде... Кiндiк кесiп – Жүрегiңе жалғаған, Тартылысты үзе алмайды ешкiм де... Азық етiп Атамекен елесiн, Асқаныңмен уақыттың белесiн. Иткөйлектi киген жерге итшiлеп, Жете алмасаң – Кебiн киiп келесiң!.. Сезiм – теңiз, толқыны ұрған басыңа, Сиып кетер жалғыз тамшы жасыңа. Қандай биiк ұшады екен қырандар, Сондай жылдам құлау үшiн... тасына... Бұрын қайтып әл iздегем әр күннен, Мұңымды айтып талдырды иiн тал мүлдем, Сырымды айтып жатыр құстар бар бiлген. Қара жолмен кешке сүңгiп кетсем де, Шалғындағы таң шығында қалдым мен... Ақ бесiктiң әуелеткен әлдиiн, Әлi жалғап келе жатыр ән-күйiм. Шаршағанда шарлап мынау әлемдi, Туған өлкем, Төсiңе кеп қалғиын! Қазыбек ИСА "Тәтті шөл" кітабынан qazaquni.kz