Экономикамызды електен өткізген еңбек
2016 ж. 17 қараша
2813
0
«Eurasian Book Fair – 2016» Евразиялық халықаралық кітап көрмесінің аясында А.Перуашевтың «Пікірталасты экономика» атты жинағының тұсаукесері болып өтті.
Аталған жинақ ағымдағы жылдың көктемінде жарыққа шықты. Ол «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашевтың 2011-2015 ж. ж арлығындағы авторлық сөйлеу мәтіндерін және құжаттарды қамтиды.
Жинақта негізінен нарықтық реформа және жеке бизнесті қорғау басты назарға алынған. Сонымен қатар, мұның бәрі Тәуелсіздік пен ұлттық мүдделерді демократиялық институттар арқылы нығайту мәселелеріне бағытталған.Бұл таныстырылым көрмеге келген студенттерден бастап орта жастағы адамдар үшін де тартымды болды. «Жинақта мен басқаратын партияның бағдарламасының бағыттарының әрқайсысы бойынша жасалып жатқан, кейбірі шешілген, кейбірі неғұрлым ұзақ уақытты талап ететін жұмыстарды байқауға болады. Біз жұмысымызды жалғастырудамыз», – деп атап өтті Перуашев. Таныстырылым барысында ол сұрақтарға жауап беріп, кездесудің белсенді қатысушыларына кітабын сыйлады.
«Eurasian Book Fair – 2016» Евразиялық халықаралық кітап көрмесі – Қазақстан Республикасының Еуразия кеңістігіндегі ең ірі мәдени-ағарту іс-шара Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. «Eurasian Book Fair – 2016» баспаларды, ғылыми-білім беру және ТМД елдерінің полиграфиялық компанияларын, Еуропа және Азияның кітап шығарушылардың жетістіктерін көрсету мақсатында, іскерлік байланыстарды нығайтуға, оқырман сұранысы бойынша оқуды дәріптеу және өзара ақпарат алмасу үшін ұйымдастырды.
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі