ТРАМПТЫҢ ДЕМЕУШІЛЕРІ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОЛИГАРХТАР
2016 ж. 09 қараша
2914
2
Бүгін АҚШ-та кезекті Президент сайлауы аяқталып, дауыстар есептелді. Демократтар елі өздерінің 45-Президентін сайлады. Сонымен демократияшылдар мен республикашылар арасындағы тартыстың қорытындысы бойынша Дональд Трамп АҚШ-тағы Президент сайлауының жеңімпазы атанды.
АҚШ-тың жап-жаңа Президенті ірі корпорациялардың, капиталдардың иесі екені белгілі. Ресейлік миллиардерлермен ым-жымы бір Дональд Трамптың қазақстандық ығай-сығайлармен де ауыз жаласқаны мәлім болды. Солардың бірсыпарасын бұқаралық ақпарат құралдары жазған да болатын.
Шыққан тегі өзбек болғанымен Қазақстандағы ең ауқатты кәсіпкер Алиджан Ибрагимовтың есімі Дональд Трамптың корпорациясымен тікелей байланысты, - деп жазады «Forbes» басылымы(Вся президентская рать. Кто стоит за Дональдом Трампом?). Дәлірек айтсақ, Александр Машкеевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимов үштігі Трамптың девелоперлік «Bayrock»компаниясын ұзақ жылдардан бері қаржыландырып келеді екен. Әңгіме «Bayrock» компаниясының Нью-Йорк қаласында салынған «Trump SoHo» қонақ үйі туралы болып отыр. Ал «Forbes» дерегіне сүйенсек, Ибрагимовтың қоржынында қазір 1,9 миллиард доллар қаржысы бар көрінеді.
(Тевфик Ариф пен Дональд Трамп)
Нью-Йорктегі девелопер Тевфик Ариф «Bayrock» компаниясының негізін қалаушы, ҚазССР-да туған. 46 қабатты «Trump SoHo» қонақ үйі Дональд Трамптың жылжымайтын мүлік базасындағы ең ірі жауһары саналады.
Қазақстандағы үш олигархтың бірі – Патох Шодиев дәл осы Тевфик Арифтің «Bayrock» компаниясына инвестиция салған. Шодиевтің жиып-тергені 1,8 миллиард доллардан асып түседі.
Одан кейін, «The Wall Street Journal» басылымы Дональд Трамптың қазақстандық мультимиллиардер Машкевичпен байланысы бар екенін анықтаған.
Жаңағы «Bayrock» компаниясының басшысы Тевфик Ариф мырзаға Қазақстан металлургиясының магнаты Машкеевич демеушілік көрсеткен (Mr. Arif’s firm, Bayrock, counted Alexander Mashkevich, a billionaire in the metals industry whose business is based in Kazakhstan, as a key funding backer, according to a document reviewed by The Wall Street Journal. Mr. Mashkevich, through a spokeswoman, declined to comment.) «The Wall Street Journal» басылымының жазуынша, ресми құжаттарда Машкеевичтің аты аталмаған. Сондықтан ол басылым тілшілеріне хатшысы арқылы қандай да бір ақпарат беруден бас тартыпты.
Сондай-ақ, «Financial Times» басылымы Дональд Трамптың Алматының экс-әкімі, бүгінде Халықаралық іздеуде жүрген Виктор Храпуновпен байланысын әшкерелеген материал жариялады. «Арам ақша: Трамп және қазақ байланыстары» (Dirty money: Trump and the Kazakh connection) атты мақаланы «Abai.kz» порталы қазақ тіліне аударды. «Қазақстандық бизнесменнің отбасы жүздеген миллион долларға (ұрланған қаражаттар) Манхэттаннан Дональд Трампқа тиесілі зәулім ғимаратты сатып алған және ірі коммерциялық келісімдерге отырып, қаржы магнатының серіктестерінің біріне айналған» (Title deeds, bank records and correspondence show that a Kazakh family accused of laundering hundreds of millions of stolen dollars bought luxury apartments in a Manhattan tower part-owned by Mr Trump and embarked on major business ventures with one of the tycoon’s partners), - деп жазады Financial Times.
Нұргелді Әбдіғаниұлының шолуы