БАНКТІҢ ЖАУАПСЫЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ КЕРЕК
2016 ж. 09 қараша
1526
0
«Ақ жол» фракциясы Мәжіліс депутаттарының сауалдарына Ұлттық Банк атынан жауап дайындаған қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды талап етеді. Бұл туралы өткен сәрсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысында адал ипотека алушыларын қорғап, Ұлттық банк төрағасының атына депутаттық сауалды үшінші рет жариялай отырып, Меруерт Қазбекова мәлімдеді.
«Ақ жол» ҚДП Депутаттық фракциясымен ағымдағы жылдың 29-шілдесі мен 7-қыркүйегінде Сіздің атыңызға адал қарыз алушылардың мүдделерін қорғау үшін шетелдік валютамен берілген бөлігінде ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарламасын жақсарту ұсыныстарымен сауалдар жіберілген, – делінген депутаттық сауалда. – Мәселен, біз көрсеткендей, бұл бағдарламаның шарттары алынған несиелерді төлемегендер үшін тиімді және олардың өткен жылғы теңге девальвациясына дейінгі валютаның бағамы бойынша қарыз сомасын санауға мүмкіндік береді. Ал өз қиындықтары мен экономикалық дағдарысқа қарамастан адал төлемді жалғастырушы қарыз алушылар енді борыштарын ағымдағы бағам бойынша жабуға мәжбүр. Яғни, орта есеппен 70-80% -ға қымбат».
«Ақжолдықтардың» пікірінше, мұндай тәсіл адал қарыз алушыларды көтермелеудің орнына дәл төлеуден жалтаруға итермелейді, несиелерді, және оның үстіне мүліктік жағдайына қарамастан азаматтардың тең құқығы туралы Конституцияның нормаларына қарама-қайшы.
Сондықтан, «Ақ жол» фракциясының депутаттары пайда болған жағдайды түзету бойынша шараларын әзірлеуді өтінді.
Алайда, алдыңғы жағдайлардың екеуіне де фракция Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары О.А.Смоляковтың қолы қойылған жауаптар алынды, басымдылығын анықтау нысанында және қойылған сұрақтарға берілетін жауап орнына Бағдарламаның жалпы сомасы туралы сандарын, қатысатын банктердің санын, қаралған және мақұлданған өтінімдер және қолданыстағы шарттары, және депутаттардың өздерінің өтініштерінде көрсеткен өзгерту қажеттілігін келтіреді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Ұлттық банктің атына өзінің кезекті сұрау салуын атап көрсетеді:
1) Біз мұндай жауапкершіліксіз жазылған жауап-хатты қараудан бас тартамыз.
2) Қайтадан, үшінші рет біздің сұрауларымызды мәні бойынша қарап, оған негізделген жауаптарды жіберуді сұраймыз;
3) Мәжіліс депутаттарының сауалдарына Ұлттық Банк атынан жауап дайындаған қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды талап етеді
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және өз сайлаушыларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.
"Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі
qazaquni.kz