Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)
2016 ж. 27 қыркүйек
2101
1
Көлігінен түспей, жол бойына дәрет сындырған полицей қызметкерінің қылығы желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.
Тіпті машинаның нөмірі де суретте анық көрініп тұр. Бұл нөмірге қарап, оқиға Алматыда немесе Алматы облысында орын алғанын аңғаруға болады.
Ішімдікке тойып алған полицейден жаман не бар?", - деп жазды ол. Сонымен бірге, ол халық алдында ант берген офицерге мұндай қылық мүлдем жараспайтынын айтты.
Суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жеткізді. Олар полицейді ішімдікке тойып алған деп болжап, бұл әрекеті арқылы ол бүкіл Қазақстан полицейлерінің атына кір келтіргеніне наразы болды.
Бүгінгі таңда әкімшілік полиция комитеті полицейдің аты-жөнін анықтап, бұл жағдайға қатысты толық тексеріс жүргізуде.