Т. Бердоңғаров: Ата-анасының түрі ұнаған жағдайда ғана олардың қызына үйлену керек
2016 ж. 10 қыркүйек
3021
2
Экс-депутат Тәңірберген Бердоңғар қазақстандықтарға дұрыс жар таңдауда ақылымен бөлісті.
Инвестиция және даму министрлігіне қарасты туризм бойынша кеңесшінің айтуынша, болашақ жардың алдымен ата-анасын жақсы танып-білу керек.
"Бұл жарыңның болашақ мінезін тануға мүмкіндік береді", - дейді ол.
Экс-депутат қыздың ата-анасының келбеті де рөл ойнайтынын ескертті.
"Сіздің ғашығыңыз ата-анасына немесе олардың туыстарына тартатыны анық. Егер сізге сүйіктіңіздің ата-анасының сырт-келбеті де ұнаған болса, үйленіңіз", - дейді ол.
Тәңірберген "екі қошқардың басы бір қазанға сыймайтынын" ұмытпауға кеңес берді.
"Кез-келген отбасында басшылықты біреуі алады: анасы немесе әкесі. Осы орайда сізге қандай әйел керектігін әу бастан шешіп алған дұрыс. Бар мәселелерді өзі шеше алатын қорған болар әйел ме, әлде керісінше ме? Бір отбасында екі бірдей көшбасшы болса, екі қошқардың басын бір қазанға қайнатудың соңы ажырасуға әкеліп соғады", - деп ескертті экс-депутат.