Бақытбек Есентаевтің казинодағы төбелесі (ВИДЕО)
2016 ж. 08 қыркүйек
5254
0
Баян Есентаева казино жайлы алғаш рет сұхбат беріп, күйеуінің жеңіліп қалғаны үшін казино қызметкерін ұрғаны жайында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Продюсер тережүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат берді.
“Маған оңайға соққан жоқ. Сол кездегі шулы оқиғаға байланысты видеодағы ер адамның күйеуім емес екенін айттым, менің басқа амалым болған жоқ. Иә, ол менің күйеуім, ол сондай мәдениетсіз десем одан не өзгерер еді”, – дейді Баян Есентаева.
Есентаева күйеуінің екеуі бас қосқаннан бері казино ойнайтынын айтады.
“22 жыл мен осындай ұтыстарға, ұтылыстарға үйреніп кеттім. Ол ірі көлемде ақша ұтылып жатты. Мен одан сақ болуын сұрайтынмын. Бұл менің емес, оның шаруасы екенін, оның осыдан басқа ешнәрсе істей алмайтынын, оның кәсіби ойыншы екенін жақсы түсіндім. Өз басым казиноға барып көрмеппін. Казиноның менің отбасыма қатысты әңгімесін елемей жүруге тырыстым. Сол үшін қанша жас төгілді. Қанша үй, қанша көлік зая кетті. Тіпті ол жайында айтқым да келмейді”.
Сол ролик менің күйзелісте жүргені кезімде шықты, мен барлық арналарға хабарласып, оны таратпауларын сұрадым. Мен үй ішінде ол жайлы ұрыс шығармайтынмын. Жолдасым менің о бастағы өз таңдауым болғандықтан, оған, оның кәсібіне құрметпен қарадым. Менде басқа амал болған жоқ”, – дейді продюсер.
Ол күйеуі екеуінің көп қиындықтарды да бастан кешкенін айтады.
“Мен ешқашан аш қалған емеспін. Оның бір кездері көп ақша тапқан кездері болды. Кейде мүлде ақшамыз болмай қалған да күндеріміз болды. Менің тұрақты өз жұмысым болғандықтан, мен оның табысына өте мұқтаж емес едім. Мен барлығына жауап бермейтін болдым”, – дейді Есентаева.
Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.