Бас прокурор кадрлар туралы: Кім болса, соны алып жатырмыз
2016 ж. 23 шілде
1889
0
Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов халық тарапынан құқық қорғау органдарына қатысты туындаған сенімсіздік әлсіз кадрлардың себебінен орын алып жатқандығын атап өтті деп хабарлайды Қазақпарат.

Дегенмен, кейінгі жылдары прокуратураға жұмысқа қабылдау барысында жаңа іріктеу жүйесі енгізілген. Енді үміткерлер өздерінің өмірлік тәжірибелері жайында және конкурстық комиссия ұсынған тақырыптан екі эссе жазып, бірқатар тапсырмалар орындайды, психологиялық сынақтан өтеді.
Нәтижесінде, олардың IQ деңгейлері анықталмақ. Сонымен қатар, үздік 30 прокурордың пулы құрылмақ. Қызметтегі мемлекеттік айыптаушыларға да талаптар күшейтілмек.