Ақтөбелік студент анайы кино көргесін алты жасар жиенін зорлап тастаған
2016 ж. 06 шілде
3303
2
Бүгін, шілденің 4 күні, бала зорлаған Ақтөбелік студентке сот үкімі шығарылды. Іс құжаттарындай айтылғандай, 16 жасар Қайрат (Аты өзгертілген) жергілікті колледждің 1 курс студенті. Ол өзінің төрт кішкентай жиендерімен үйде жалғыз қалған. Төрт нәрестенің анасы (Қайраттың туған әпкесі) жұмыста болатын. Әкелері әйелін жұмыстан алып кетуге кеткен. Жоғарыда айтылғандай, эротикалық көрінісі бар киноны көрген Қайрат алты жасар жиенін ұйқыдан оятып, оны төргі бөлмеге көтеріп алып барып, сол жерде зорлап тастаған.
Ата-анасы үйге оралғанда алты жасар бүлдіршін тоқтаусыз жылап жатыпты. Қайрат өні көтеріп алып, уатып жүрді. Баланың бойынан қан көргесін анасы бірден жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлік тексеріс кезінде хирург зорлықтың белгісін бірден байқап, полицияға хабарлаған.
Қайрат көп ұзамай қашып кетіп, бірнеше күн достарының үйін паналап, ақыры оны полиция тұтқындаған.