Қызылордалық орыс жігіт ислам дінін қабылдады
2016 ж. 05 шілде
3358
1
Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітіне 1997 жылы туылған Владик есімді қала тұрғыны келіп, Ислам дінін қабылдауға ниеті бар екенін жеткізді.
Бұл туралы kyzylorda.gov.kz жазады.
Мешіттің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдымен Ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін Ислам - Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді. Және Ислам дініне бет бұрған кез келген жан Оған күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді.
Оған мысал ретінде дүниенің танымал спортшылары (Мұхаммед Әли, Тайсон), өнер иелері мен ғылым адамдарын атады.
Мұнан кейін Владик өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, Исламның алғы шарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан оған бірнеше құнды кітаптар табысталып, бата жасалды.