ЛОНДОН МЭРІ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ
2016 ж. 21 маусым
1970
2
«Guardian» газетіндегі авторлық бағанында Лондон мэрі Садық Хан оған ораза уақытында тағамнан емес, кофеден бас тарту қиын екенін айтты.
Қала басшысы қызметтегі тығыз кестеге қарамастан, бір ай бойы ораза ұстауды жөн көрді. Лондон мэрі дәстүрлі Ислам дінінде болып, батыстық либералдық көзқарасты ұстануға болатынын көрсетіп, көпшіліктің алдында дәлелдемекші.
«Мені мұсылман саясаткер ретінде қабылдағанын қаламаймын. Мен мұсылман көшбасшы және оның ресми өкілі емеспін. Адамды дініне ғана қарап бағалауға болмайтыны баршаға мысал болса деймін. Әр адамның әлеуметтік рөлі бар, мысалы мен Лондон тұрғынымын, жұрт сияқты мен де – баламын, әкемін. Мэрия – уағызбен айналысатын орын емес», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ол қасиетті Рамазан айы – мұсылман қоғамы үшін игілік жасауға және Ислам жайлы алып-қашпа әңгімелерді сейілтуге тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті.
qazaquni.kz