ЕЛІМІЗДЕ ӘЙЕЛ ПРЕЗИДЕНТ БОЛСА, КІМДІ ҰСЫНАР ЕДІҢІЗ?
2016 ж. 19 маусым
7701
14
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысындағы сұраққа байланысты Қазақстан президентінің әйел адам бола алатынын айтты:
"Сіздер неге Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп есептейсіздер? Әбден болуы мүмкін. Гендерлік саясат жақсы дамып келе жатыр, Үкіметте әйел адамдар көп. Парламентте де 30 пайыз әйел депутат бар. Оның үстіне, менің де үш қызым бар", - деп қалжыңдай жауап берді Назарбаев.
Ал, кетті! Әп дегеннен әлеуметтік желі гуілдей жөнелді. Билікте жүрген Дариға Назарбаева, Гүлшара Әбдіхалықова, Тамара Дүйсеновалардан бастап, қоғамдық пікірдің сүйкімсізіне айналған Гүлжан Қарағұсоваға дейін әдейі атап жатты... Оппозициядан Зәуреш Батталованың есімі айтылып жатыр...
Биыл күзде, АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Онда мұсылмандарға қарсы республикашыл миллиардер Дональд Трамптан гөрі демократ Хилари Клинтонның мүмкіндігі басымдау болып тұр...
Яғни, АҚШ-ты да әйел басқаруы бек мүмкін... Германияны талайдан тастай етіп Анна Меркель басқарып келеді. Тіпті, қаны да, жаны да жақын туысқан Қырғыз елін Роза Отынбаева екі жыл басқарып, өтпелі кезеңде елеулі рөл атқарды... Демек, дайын бола беріңіздер....
Ал Қазақстанда президенттік сайлауға әйелдер түсетін болса, сіз кімді ұсынар едіңіз?
Сапар ӘЛІ
qazaquni.kz