ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ НЕГЕ ӨТПЕЙ ҚАЛДЫ?
2016 ж. 13 маусым
2553
11
Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев басқаратын Үкіметтің жер реформасы жөніндегі комиссиясының кезекті жиналысы өтпей қалды. Оның себебін білу қазірше мүмкін болмай отыр.
Үкіметтік комиссия құрылғалы бері төрт рет жиналысы өтті. Оның үшеуі Астанада, біреуі Көкшетауда өткені белгілі.
Алайда осы уақытқа дейін Үкіметтік комиссия бір де бір нақты шешім қабылдаған жоқ. Тек комиссия мүшелері сөйледі, сөйледі, сонымен бітті.
Ал осы аптадағы жиналысы мүлде болмай қалды. Арты осылай сұйылып кетпесе жарар еді.
Сондықтан, қоғам белсенділерін, жер жанашырларын, ғалымдар мен ақындарды, саясаткерлер мен саясаттанушыларды, қоғамдық ұйым жетекшілері мен тәуелсіз БАҚ жетекшілерін Жер реформасы жөніндегі ҚОҒАМДЫҚ комиссияға бірігуді ұсынамын.
qazaquni.kz