Қазақстандық өнер жұлдыздары таулы аймақты қоқыстан тазартты (фото)
2016 ж. 30 мамыр
4440
0
Алматыда алғаш Қазақстандағы ірі «Қоқыспен күресу» экологиялық марафоны болып өтті. Шараға қатысушылар арасында қазақстандық тележүргізушілер мен қоғам қайраткерлері бар.
«Қоқыспен күресу» марафонының жаңа маусымы Алматыда ашылды. Үлкен деңгейдегі эко-шара қаланың 1000-жылдық мерейтойына қарсы сондай-ақ, «1000 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.
«Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен және Tele2 Казахстан компаниясымен «Қоқыспен күресу» экологиялық акциясының мәресін ашты. Акцияның басты мақсаты- алматылықтарды табиғи орындарда тазалыққа шақыру мен тұрғындарға экологиялық мәдениетті дәріптеу болып табылады.
Табиғатты қорғау аймағына кірер жолда экологиялық постта әркім арнайы эко-қорп алып қоқыс жинай алады. «Қоқыспен күресу» жобасы бұл Қазақстанның ең ірі мегаполистерінің бірі –Алматының таулы демалыс аймағындағы тазалықты сақтауға бағытталған. Өзге ұқсас акциялардан қарағанда бұл жоба едәуір аясы кең, яғни 2016 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін жалғасады.
«Бауыржан» қайырымдылық қоры, Алматы қаласының әкімдігі, Іле-Алатау ұлттық саябағы мен Tele2 Казахстан компаниясы – Алматының таулы аймағындағы тазалықты халықтың әдетіне айналдыру мақсатын алға қойып, экологиялық мәдениетті барына үлгі кетуді көздейді. Таза ауа мен тамаша көңіл-күй қатысушыларға ерекше белсенділікті көрсетті.
Марафон ұйымдастырушысы сөзімен, «Қоқыспен күресу» акциясының ең басты ерекшелігі- осы шара арқылы алматылықтар еріктілер мен қоғамдық ұйымдарға үміт артпай жеке дара тазалықта ұстауды үйренеді.
«Қоқыспен күресу»- табиғатты сақтай отырып, біз адамдардың санасына өз аймағынды таза ұстауға деген әдетті сіңіреміз», - деп шараны ұйымдастыру алқасының мүшесі Бекнұр Кисиков атап өтті.
Теле2 компаниясының коммерциялық директоры Алексей Ноздрин «Халықты тазалыққа үндейтін бұл шара өте тиімді. Бүгін марафонға жастар қауымының көп жиналғаны ұйымдастырушыларды өте қуантты- деді.
Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша «Қоқыспен күресу» шарасына 1300 белсенді алматылықтар қатысуға өтініш толтырды. Ал шара кезінде 700 белсенді қала тұрғыны қатысты. Сонымен қатар тіркелуші азамат «марафоншы» дәрежесіне ие болды. Акция аясында халықтың назары қоршаған ортаның өзекті мәселелеріне аударылды. Өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығы мен экологиялық көзқарасы қалыптасты. Марафон қатысушыларының бірі Эльвира Кабирова «Бұл марафон қайырымдылық жолындағы тағы бір істің дәлелі бола алады. Бұл шараға алғаш қатысуым,өте қуаныштымын.» деп, өз ойымен бөлісті.
Екі сағат ішінде марафоншылармен Алматы тауларында 1478 килограмм (тонна) қоқыс жиналды. Ең нәтижелі марафоншы болып 53 нөмірлі қатысушы Архат Үкібаев лайық деп танылды. Ол екі сағат ішінде Алматы қаласының тұрғыны 56,5 кг қоқыс жинап үлгерді. Жеңімпаз ең басты сыйлық Бурабай демалыс орнына екі адамға жолдама ұтып алды. «Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, ең көп қоқыс жинағаныма өте қуаныштымын» деп, - жеңімпаз өз сезімімен бөлісті.
Үздік екінші дәрежелі марафоншыны да қомақты сый-тау велосипеді күтті. Жеңімпаз 53,75 кг нәтиже көрсеткен Данил Шанин, Go-Pro камерасы болса үшінші орынға іліккен Дамир Қаратаев есімді марафоншыға бұйырды. Ол 52,4 кг қоқыс жинап үлгерді.
Ең жас марафоншы атағы 59 нөмірлі жеті жасар Альтаир Қатыжан есімді кішкентай Алматылыққа бұйырды. Ал ең жасы үлкен марафоншы ретінде 56 нөмірлі шетелдік Гроз Бриджит есімді азаматша танылды. Табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі үшін белсенділер арасынан мүмкіндігі шектеулі Алексей Ретивых есімді марафоншы көзге түсіп, «Теле2 Казахстан» компаниясы атынан үлен қажырлығы мен талабы үшін арнайы сыйлыққа ие болды.
Алматылықтарды шара барысында басқа да түрлі тосын сыйлар мен қызықтар күтті. Қатысушылар жоба демеушілері «Nestle» компаниясы ұсынған тәттілерден дәм татып, жүрек жалғай алды. Raimbek Bottlers өз алдына сусындар мен лимонадтады тегін ұсынды.
Ең алғаш «Қоқыспен күресу» акциясы 2015 жылдың күзінде өткен болатын. Шара барысында бір маусым ішінде Алма арасан мен Бутаков шатқалдарында 6 мыңнаң астам демалушы 17 тоннаға жуық қоқыс жинаған. Ұйымдастырушылар аталмыш акцияны жыл сайын өткізуді көздеп отыр. Акция сәуір айы мен қараша айлары аралығында әр жексенбі сайын Алма арасан және Бутаков шатқалдарында өткізіледі. Барлық демалушыларды акция нышанына айналған Жорабек роботы, сонымен қатар эко-қораптармен промоутерлер қарсы алады. Жауапты деген алматылықтарды демеушілер «Теле2 Казахстан» арнайы сыйлықтар мен кәдесыйлармен қуантпақ.
Эксперттердің сараптамасы бойынша, Іле-Алатау табиғат қорғау саябағында 90% қоқыс қазақстандық демалушылардан қалады екен. Жыл сайын ұлттық саябақта 5000 жуық кубометр тұрмыс қалдықтары, аптасына- 30 тонна қоқыс шығарылады. Әр жыл сайын Алматы таулы аймағында орташа есеппен 200 мыңға тарта адам саны демалады.
qazaquni.kz