Қай өңірде қанша педофил барын біле жүріңіз

Ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді, делінген ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметінен.

педофил2305

«Бұл мәліметтер Комитеттің http://infopublic.pravstat.kz порталында қылмыскерлер туралы деректер (фото, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекен-жайы және соттылығы туралы мәліметтер) көрсетілетін электрондық карта түріндегі «Геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді», – делінген дүйсенбідегі бақылау ведомствосының ресми сайтындағы хабарда.

«Осы ақпарат сізге өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі. Осыған ұқсас карталар бірқатар шетелдерде де бар», – делінген баспасөз қызметінде.

Құқық қорғау органдарының назарына іліккен педофилдердің орналасқан жерін бақылау жаңа қылмыс жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

скрин

Айта кетейік, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев педофилдерді піштіруге рұқсат беретін заңға қол қойған еді.

Дерек көзі: Stan.kz